ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА!
Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаев Қарағанды облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің «№6 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ ұжымымен кездесу өткізді.
Аталған мектепті ұзақ жыл басқарған білікті басшы, ұлағатты ұстаз - Ахметова Тынымкүл Төребайқызының зейнет жасына толуына байланысты ұжымы оны құрметті демалысқа шығарып салды.
Ахметова Тынымкүл Төребайқызы – 24 тамыз 1961 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған.
Ол ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйген ұлы тұлға. Мұғалім ретінде педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру үрдістерін сауатты ұйымдастырды, кәсіби тұрғыда жүзеге асырды. 1983 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған мектепте қызмет атқарды. 2001-2002 оқу жылында мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды, 2002 жылдан бастап осы уақытқа дейін мектеп директоры қызметін абыроймен атқарды.
Мектеп басшысы ретінде мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын шешуге де ат салысты, туындаған мәселелердің оң шешілуіне үнемі ықпал жасады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары бағалап, жұмыс барысында кәсіподақтың пікірімен санасты.
Еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды.
Ахметова Тынымкул - білікті басшы, ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі ана, немерелерінің сүйікті әжесі. Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы.
Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаев құрметті демалысқа шығып жатқан Ахметова Тынымкүл Төребайқызын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.
Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
-
Фотографии
-