БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР – КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДІҢГЕГІ
Аймақтағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарымен танысу үшін, белсенділіктерін арттырып, кәсіподақ қозғалысына жаңашыл бағыт беру мақсатында әр апта сайын Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен онлайн сұқбат өткізіледі.
"Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына" орай Батыс Қазақстан облысындағы кәсіподақ орталықтарында бастауыш ұйымдардың беделін көтеруге бағытталған бірқатар шаралар бастау алуда. Өңіріміздегі белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі – Жәнібек аудандық білім беру ұйымдарының кәсіподақ бірлестігі. Құрамында 28 бастауыш кәсіподақ ұйымы мен 1278 кәсіподақ мүшесі бар.
- Әр қоғамның, бірлестіктің, ұжымның өзінің діңгегі, яғни түбірі болады. Кәсіподақ қозғалысының тамыры – бастауыш ұйымдар. Әсіресе, білім беру саласы қызметкерлерінің бұл қозғалыста алар орны бөлек. Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымы 3 негізгі қағидаға сүйенеді. Ол – бірлік, адалдық, әрекет. Кәсіподақ ұйымы тұрақты түрде қызметкерлер сапасын жақсартуға, маман талабын ынталандыруға, жұмыс сәтінде көтеріңкі көңіл - күй сыйлауға бағытталған шаралар ұйымдастырады. Қызметкерлердің денсаулық сапасы да кәсіподақ назарында. Оған дәлел әр жартыжылдық сайын табысталатын сауықтыру шипажайларына жолдамалар, - дейді аудандық бірлестік төрайымы Аққу Нұрғалиева.
Аудандық кәсіподақ бірлестігі облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен бірлесе отырып, кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық кеңестер беріп, заң саласындағы, еңбек қатынастарындағы сауаттылық біліктіліктерін шыңдау мақсатында аудандық, облыстық деңгейде оқыту семинарларын өткізеді. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан еңбек ұжымындағы көпбалалы қызметкерлер мен жас мамандар үшін қажетті әлеуметтік, академиялық қолдаулар көрсетіледі.
БҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ