КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу жоспарына сай Т.Рысқұлов ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Ұжымдық шартқа сәйкес аудандық білім бөлімімен бірлесіп бастауыш ұйымдарда құрылған жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының өкілдерін құқықтық оқытуға бағытталған «Еңбек даулары және оларды шешудегі келісу комиссияларының рөлі. Еңбек дауларын сотқа дейінгі және сотта қарау тәжірибесі» тақырыбында 3 күндік семинар өткізді.
Санитарлық талаптарды ұстана отырып өткен іс-шарада кәсіподақ ұйымының аймақтық құқықтық инспекторы Т.Оразбаев, кәсіподақ үйірмесінің модераторы Қ.Түзелбаев және аудандық соттың судьясы С.Байтіленова модераторлық жасады. Мамандар семинарға қатысқан 174 қатысушыға келісу комиссиясы қызметінің құқықтық негіздері, келісу комиссиясын құру мен жұмыс тәртібі, іс құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу тәжірибесі, жеке еңбек даулары мен жанжалдардың алдын-алу мен сотқа дейінгі реттеу тәжірибесі сұрақтары бойынша ақпарат берді.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқу курсынан өтуіне байланысты куәліктер тапсырылды.
Т.Оразбаев,
Т.Рысқұлов ауданы бойынша аймақтық құқықтық инспектор.
Жамбыл облысы.
-
Фотографии
-