«ІС-ҚИМЫЛ АПТАЛЫҒЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 конвенциясы ағымдағы жылдың 25 маусымда күшіне енеді.
Осыған орай, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы «Іс-қимыл апталығы» шарасын жариялады. Аталған шараны Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен жанынан құрылған әйелдер істері жөніндегі комиссиясы ұйымдастырып, белсенді кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымның төрағасы М.Төлепбергенов еңбек әлеміндегі қысым және кемсітумен күресудің маңызды құралы ретінде №190- Конвенцияны танып, өзара ынтымақтастыққа негізделген үкімет, жұмыс беруші мен жұмыскерлер міндеттерін толыққанды атқаруына ықпал ететініне сенім білдіріп, Конвенция туралы толық ақпарат берді.
Ал, облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Е.Қасымбеков білім саласының қызметкерлері тарапынан түскен арыз-шағымдар жұмыскерлердің мәртебесі мен еңбек түріне қарамастан тең құқықта қаралғанын айтты. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде инспекторлардың жұмысы мен ұжымдық шарттың маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында облыстық әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі М. Жұмабек ХЕҰ-ның №190 Конвенциясының мақсаты мен міндетін анықтап, «Іс –қимыл апталығы» аясында өткізілген шаралар еңбек әлемін толық қамтып, жұмыскерлердің құқығын қорғап, әділетсіздікті жоюға бағытталғанын жеткізді.
Кездесуде қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына кәсіподақ өкілдері толық жауап берді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қыметі
-
Фотографии
-