ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАҒЫ ӨЗГЕРІС – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕГІ БІР ЖЕҢІС
«Білім саласындағы еңбек ұжымы – жауапкершілік пен үнемі назар салуды талап ететін көпқұрылымды орта. Қоғам тәрбиесі мен ұлт санасының салауаттылығына да жауап беретін аталмыш сала мамандары. Кәсіподақ ұйымының қызметінде бұл топтың алар орны ерекше», - дейді Орал қалалық эстетикалык бағыттагы мектеп гимназиясы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы – Лаура Доукариева.
Орал қаласындағы эстетикалык бағыттагы мектеп гимназиясы 1993 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейін өзінің құрылымдылық ерекшелігі мен жоғары деңгейде ұйымдастырылған бірлестігімен көзге түсіп келеді. Жас маман, мектеп қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы – Лаура Басырқызы өз сөзінде кәсіподақ ұйымының бастамасымен өткізілген қандай да шара болмасын, эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясының ұжымымен нәтижелі өтетіндігін жеткізді.
Бүгінгі таңда, Орал қалалық эстетикалык бағыттагы мектеп гимназиясы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 147 кәсіподақ мүшесі бар.
«Ұжымымыз – өте белсенді. Кәсіподақ – қызметкерлерге жан-жақты бағытта қолдау білдіреді. Ұжымдық шарт – қызметкерлердің құқығын қорғап келеді. Білім беру саласындағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, мектеп басшылығымен бірлесіп жаңа ұжымдық шартты жасайтын боламыз. Ұжымдық шарттағы өзгерістер мен толықтырулар – бізді қатты қуантады. Себебі, әр өзгеріс – еңбек адамының еншісіне шешілген бір жеңіс екендігін білеміз», - дейді кәсіподақ төрайымы.
Кәсіподақ ұйымының атынан мектеп қызметкерлері үшін тұрақты түрде сауықтыру шипажайларына жолдамалар беріліп, жетістіктері үшін марапатталған қызметкерлерге ынталандыру сыйлықтары мен ақшалай сертификаттар табысталып тұрады.
Сондай-ақ, зейнет жасына келген мектеп ардагерлеріне құттықтау мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жаңадан келген жас мамандарға бірлестікке тезірек үйренісіп, сіңу үшін ашық әңгімелесу, тәжірибе алмасу шеберлік сағаттары өткізіледі.
«Мектеп ұжымының бірлігін нығайтушы – кәсіподақ. Ұжымның ұсынысымен табиғат аясына жиі серуендеп, демалыс күндерін өткіземіз. Бұның өзі әріптестік қарым-қатынасты күшейтіп, жанашырлық, достық сезімдеріне жол ашады», - дейді Лаура Басырқызы.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-