ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР
Ағымдағы жылдың 7 маусым күні Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының Ақтау қалалық филиалы барлық мүшелік білім беру ұйымдарының директорлары, есепшілері мен кадр мамандарына «Еңбек демалысының берілуі: негізгі жұмыс орны, қоса атқару» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған іс-шара білім беру саласында еңбек демалысының науқаны басталған кезеңде еңбек қызметкерлерінен сұрақтардың басым көпшілігі еңбек демалысының түрлері, еңбек демалысының жалақы көлемдері, еңбек шарты мерзімі, сауықтыру жәрдемақысының төлемдері, қоса атқарылатын жұмыстары бойынша сұрақтардың көп туындауына байланысты ұйымдастырылды.
Қатысушылар тарапынан еңбек демалысының түрлері, қоса атқаруға еңбек демалысы қалай беріледі, сауықтыру жәрдемақы көлемі бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір қойылған сұраққа нақты жауаптар беріле отырып, қажетті нормативтік құжаттар слаид арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары басшылары тарапынан жіберілетін кемшіліктер көбіне-көп еңбек шартының мерзімі мен өндірістік қажеттілікке байланысты үстеме сағаттар бойынша құжаттары ресімдеу туралы нақты мысалдар арқылы түсінік берілді. Себебі, ең маңыздысы жұмысқа қабылданған уақытына байланысты еңбек шартының мерзімі, бұйрық еңбек шартынан кейін ресімделетіндегі, яғни ҚР ЕК 30-бабы негізге алынатындығы баса айтылды.
Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымының басты мақсаты- кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау екендігі және әрбір бастауыш ұйымда бекітілген ұжымдық шартты тиімді қолданумен қатар мақсатты орындауға кеңес берілді.
Қатысушылар семинар өте тартымды ұйымдастырылғандығын, нақты түсініктер, құқықтық кеңестер берілгендігін айта келе, кәсіподақ ұйымына ризашылықтарын білдірді.
К.Еңсегенова,
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Ақтау қалалық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-