«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, ЕЛІМ ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІМ!»
Осындай атаумен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай байқау ұйымдастырды.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі және университет кәсіподағы бірлесіп өткізген байқауда әкімшілік-шаруашылық бағытындағы құрылымдық бөлім қызметкерлері бақ сынасты.
Бекітілген ережеге сәйкес, әр құрылымдық бөлімнен бір қызметкер бөлім басшысы тарапының ұсынысы негізінде іріктеу кезеңінен өткен. Көрсетілген критерилерге сай қатысушылардың бейне материалын тағайындалған қазылар алқасы қарап жеңімпазды анықтады.
«Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соқсын жүрегім!» байқауының қорытындысын шығару жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша жеңімпаз ретінде жоғары ұпаймен қауіпсіздік қызмет бөлімінің күзетшісі Шоқыбаев Әмір Жақыпбекұлы жеңіске жетті.
Жеңімпазға университет тарапынан диплом, сертификат және кәсіподақ атынан «Жаркент-Арасан» шипажайына жолдама табыс етілді.
Е. Хаймулданов,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің кәсіподақ филиалы төрағасы,Алматы облысы