АҚТӨБЕДЕ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбеде кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен қолға алынған сайыстың мақсаты – кәсіподақ қызметінің мәртебесін арттыру және жағымды имиджін қалыптастыру,
кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымның қызметін ақпараттандыру, кәсіподақ қозғалысына жастарды тарту болып табылады.
Байқаудың облыстық кезеңінде аудандық сайыста топ жарып, бәйге алған бейнероликтердің үздігі анықталды. Қазылар алқасы салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша дайындалған бейнематериалдарды жіті қарап шықты. Үздік бейнеролик оның көркемдік сипаты, сапасы мен креативтілігі және тақырыпты ашу деңгейіне қарай бағаланды.
Нәтижесінде:
Бас жүлде: Мәртөк ауданы №2 мектеп-гимназиясы
1 орын: Қарғалы ауданы №1 Бадамша орта мектебі
2 орын: Алға ауданы, «Айналайын» Тоқмансай балабақшасы және
Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы
3 орын: Мұғалжар ауданы, №4 Ембі орта мектебі;
Хромтау ауданы, №6 «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасы;
Қобда ауданы, И.Тайманов атындағы гимназия;
Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне берілді.
Барлық жүлдегерлер Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының дипломымен марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болды.
-
Фотографии
-