БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА!
Балалардың құқығын қорғау, оларға қамқорлық көрсету - бір күнмен шектеліп қалмауы тиіс. Адамзат қандай игі іс жасаса да, бар жақсыны балалар үшін, болашақ ұрпағының игілігі үшін жасайды емес пе?! Өйткені балалар – көзіміздің нұры, еліміздің ертеңі.
Осынау жарқын мерекені Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова және облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева Мәртөк ауданындағы Жайсаң мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен бірге өткізді. Әлеуметтік әріптестер білім беру мекемесінің материалдық-техникалық әлеуетімен танысып, тәрбиеленушілердің жағдайын біліп қайтты.
Меймандар арнайы білім беру мектеп –интернатына құр қол бармады. Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева балғындарға сыйлық табыстап, интернат мұғалімдерін Алғыс хатпен марапаттады. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарапынан беру мекемесінің педагогтарына шипажайға жолдама табыс етілді.
Қазіргі таңда мұнда 8-18 жас аралығындағы 100-ден астам жеткіншек тәрбиеленуде. Оның үшеуі тұл жетім, 13-і ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Сондай-ақ денсаулығында ақауы бар 69 жасөспірім тәрбиеленуде. Балаларға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіледі. Арнайы білім беру ұйымында 53 педагог жұмыс істейді.
-
Фотографии
-