ТӘУЕЛСІЗДІК БАЛАЛАР КӨЗІМЕН
Ағымдағы жыл - еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен ерекшеленбек. Осыған орай «Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалы Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-мен бірлесіп 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында «Менің анам-ұстаз» тақырыбында қалалық эссе сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстанның жетістіктерін пайымдау, ұстаз мамандығының мәртебесін дәріптеу, педагог мамандығының қажеттілігін айқындау, ұстаздардың қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектері туралы ойларын жеткізу. Ұстаздар қауымының пандемия жағдайындағы қолданыстағы тәжірибелерге сүйене отырып, уақыт ағымына жедел ілесіп отырғанын, ұрпаққа үздіксіз білім берудің соңғы тәсілдерін лайықты түрде игерген жанкешті жұмыстарын насихаттау.
Жалпы сайысқа 70 жұмыс (эссе) келіп түсті. Барлық қатысушылар мен шығармашылық жұмыстың жетекшілері «Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалы Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-нің грамоталары және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің балаларына арнап 500 дана тәтті сыйлықтар үлестірілді.
-
Фотографии
-