«БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА!»
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. 70 жылдан астам тарихы бар мереке қарсаңында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы «Балаларға қуаныш сыйла!» акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясы аясында аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан көпбалалы отбасылардың тізімі жинақталып, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов облыс орталығына жақын Текелі қаласы мен Көксу, Ескелді аудандарындағы кәсіподақ мүшелерінің үйіне барып, балаларды мерекемен арнайы құттықтады. Ізгі тілегін жеткізіп, білім саласында жұмыс істеп жүрген кәсіподақ мүшелерінің тұрмыс жағдайымен танысты.
Бүлдіршіндерге облыстық ұйымның атынан қаржылай сыйлығын табыс етті.
Аталған қайырымдылық шарасы аудандық, қалалық филиалдарда да жалғасын тауып, облыс көлемінде жүзге жуық отбасыға азық-түлік салынған себеттер, тәттілер үлестірілді.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-