КЕЛЕШЕКТІҢ КЕЛБЕТІ – БҮГІНГІ БАЛАЛАР
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шәкәрім университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған , кәсіподақ мүшелерінің балалары мен немерелерінің арасында «Біз–тәуелсіз елдің ұландарымыз!» атты өнер байқауы өз мәресіне жетті.
Өнер байқауында талапкерлер сурет салды, ән айтты, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4-7, 8-10, 11-13 жас бойынша білікті мамандар әр жанр саласы бойынша шығармашылықтарына баға берді. Байқауға ұсынылған қатысушылардың жұмыстарының 22 – сі жүлделі орындарды иеленді. 22 қатысушы әр түрлі дәрежедегі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, кәсіподақ дамуында ерекшеліктері бар жеткіншектерді халықаралық балаларды қорғау мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Балалар – келешегіміздің келбеті. Бүгінгі балаларға білім беруге, олардың жан-жақты дамуына жұмсаған күш-жігеріміз - ертеңгі жарқын өміріміздің кепілі болмақ!
-
Фотографии
-