АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ
Кім адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі ғибрат. Біз сөз еткелі отырған Абилов Нұржан Нұралханұлы осындай абзал азамат. Ол кісі өзінің 54 жыл ғұмырында бір мекемеде тапжылмай 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.
Табиғат бойына дарытқан төзімділік пен қайсарлық арқасында шыңдалған. Осы еңбегінің арқасында ол өмірдің тәтті жемісін де татпақ. Тіпті, мұндай адамның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, ал күреске толы тағдыры болашаққа жазылған хаттай болмақшы. Нұржан Нұралханұлы1967өмірге келген. Әкесі Нұралхан Ұлы Отан соғысының адагері,әрі ұстаз болған, анасы үй шаруасындағы адам.1984 жылы мектеп бітірген Нұржан Отан алдындағы борышын Ауған жерінде адал атқарған. Отан алдындағы борышын өтеген Нұржан кіндік қаны тамған топыраққа оралды. Бүгінде Үржар колледжі» КММ-де еңбек етеді. Өзі еңбек етіп отырған оқу орнынан бір кездері «Жүргізуші» мамандығын алған. Сол кездегі жас жігіт еңбек жолын осы мекемеде қарапайым автокөлік жүргізушілігінен бастаған.
Қолынан іс келетін адам қай жерде де жарық жұлдыздай жарқырап көрініп, көзге түсіп жүреді ғой. Нұржанның мінезі ұяң, біртоға, артық сөзі жоқ, бір сөзбен ғана жауап береді. Өз ісінің шебері. Техниканың тілін жақсы меңгерген Нұржанның колледждегі қолы тиіп жөндемеген техникасы жоқ. Еңбек ете жүріп, уақытында осы бағыттағы мамандық бойынша сырттай жоғарғы оқу орнын да бітіріп алды. Адал еңбектің еленбей қалмайтын кезі жоқ, Бүгінде білікті маман дайындайтын оқытушы болып қызмет етеді.
Адал адамның, іскер маманның мойнына жауапкершілік жүгі молырақ артылады.
«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Күш-жігерін, тәжірибесін қай салада да аямайды.
Даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, өзі мұрат еткен ісін абыроймен атқарып келеді. Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе еңбегінің жанғаны емес пе?! Нұржан да өз білгенін әр шәкіртінің бойына дарыта біледі. Отбасы да басқаларға үлгі, өнеге тұтарлық. Құдай қосқан қосағы Альфия екеуі дүниеге әкелген екі қызын тәрбиелеп өсіріп келеді.
А.Кашимбаева,«Үржар колледжі» КММ
кітапханашысы, кәсіподақ комитетінің мүшесі, ШҚО