АҚТАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Алқалы жиынға аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде Ақтау қалалық және Бейнеу аудандық кәсіподақ ұйымдары филиалдарының кәсіподақ мүшелерінің қатарын нығайту жұмыстары, Түпқараған, Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы, Облыстың білім беру мекемелеріндегі техникалық инспекторлардың ұйымдастыру жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Жиынды облыстық ұйымның төрайымы Т.Байымбетова жүргізіп, білім саласындағы оң өзгерістер жайында көпшілікті таныстырды. Ол биылғы жылы «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, одан әрі белсенді жұмыстарды атқаруды тапсырды, кәсіподақ мүшелерінің еңбекақысының сақталуы, құқығының қорғалуына барлық деңгейдегі төрағалар ықпал етуі керектігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселе бойынша облыстық ұйымның бас маманы аудан, қала филиал төрайым, төрағалары баяндады. Сонымен қатар, облыстық ұйымның құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.Храмова өтініш арыздар журналы оның орындалысына қоғамдық бақылау комиссиясы қызметі бойынша алда келе жатқан филиал төрайымдарына өз алғысын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жұмыстары жанданғанын атап өтіп, індетке шалдыққан білім саласының қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілгеніне тоқталды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының маманы А.Аманиязова үшінші мәселе бойынша жан-жақты ақпарат беріп, кәсіподақтың еңбекті қорғау, сақтау мен шаруашылық жұмысының маңыздылығы, білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстарын арттыруды атап өтті. Атқару комитетінің отырысында облыстық кәсіподақтың ішкі ағымдағы жұмыстары пысықталып, қажетті қаулылар қабылданды.
Шара соңында түрлі дәрежедегі марапаталушылар тізімі нақтыланып, бекітілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы
кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-