«ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ-ОРТАҚ»
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округінің Сәуле ауылындағы Қазбек Нұржанов атындағы тірек мектебінде (РО) бастауыш кәсіподақ ұйымының әлеуметтік қолдау көрсету шаралары жақсы қалыптасқан.
Жылда мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Шебердің қолы-ортақ» - атты қызметкерлерінің арасында мектепішілік көрме–жәрмеңке өткізу дәстүрге айналған.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай дәстүрлі көрме өтті. Оған мектеп мұғалімдері, кіші қызметкерлер, кітапханашылар қатысып, өз қолдарынан шыққан өнімдері мен өнерлерін ұжымға ұсынды. Көрме жоғары деңгейде өтіп, мектеп ызметкерлері бір жақсы көңіл күйге бөленіп қалды.
Мектеп тазалықшысы Нұрланбекова Гүлмираның көздің жауын алатын құрақ көрпелері, көрпешелері мен, интерьерлік жастықшалары, маусымдық киімдері көпшіліктің талғамынан шықты.
Мектептің технолог мұғалімі, жас маман Әбілғазы Нұрғазының ағаштан жасаған қазақы бесігі, орындықтары, асханалық оқтау, тақтайлары тез арада өз иелерін тапты.
Мектеп аспазы Төлеубекова Әсемнің пісірген тәтті тоқаштары, қазіргі заман өнімдері пицца, самса, торт, капкейк, кекстері көпшіліктің назарын аударды.
Мектеп кітапханашысы Сейтжаппарова Гүлмира өзінің сүт өнімдерін: май, құрт, ірімшіктерін ұсынды.
Көрмеге белсене қатысқан ұжым мүшелеріне мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан ынталандыру алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар берілді.
-
Фотографии
-