СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Кеше Республикамыздың барлық мектептерінде мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл күні білім саласы қызметкерлері үшін оқу жылының қорытындысы жасалып, мектеп қабырғасы "Алтын ұясынан" шәкірттерін үлкен өмірге ұшырды.
Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкелерінің Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының құрамына қосылған Мамырова Жанар Сапарқызы басшылық жасап отырған Мақтарал ауданы Абылхасым Фердауси атындағы 24 жалпы орта мектебі мен Тұрғымбаева Манзура Сырымқызы басшылық жасап отырған Қазығұрт ауданы, Махамбет елді мекені, М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жəне Кентау қаласы Т.Рысқұлов атындағы 24 жалпы орта мектептерінде өткен мерекелік шарада мектеп басшылары жас түлектерді айтулы күнмен құттықтап, сәт сапар тіледі.
Айтулы күні мектептің тыныс - тіршілігіне белсене араласып, мектептің өркендеуіне үлес қосып жүрген қызметкелері мектеп басшылығының және кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы барша жас түлектерді, ұстаздарды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейді!
-
Фотографии
-