АРАЛДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Кәсіподақ жұмысы педагогтардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Кәсіподақ үздік ұстаздардың еңбегін бағалап, ынталандыруды игі үрдіске айналдырған ұйым.
Міне, осы ретте Қызылорда облысының Арал ауданында 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен білім беру саласын дамытуға үлкен үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен бір топ ұстазды марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Атап өтсек, № 220 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасы Нәукеева Лайық Тәуекелқызына «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі табыс етіліп, қатысушы ұстаздар бен білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, бұған дейін бірқатар өңірлерде әдістемелік кабинеттердің ашылатыны хабарланған болатын. Арал ауданының орталығында орналасқан № 260 орта мектепте аймақтық әдістемелік кабинет ашылды.
Сапалы білім мен тәрбие беріп, кәсіподақ қозғалысының дамуына атсалысып келе жатқан сала қызметкерлерінің шығармашылық жұмысының шыңдалуына себеп болар орталық алаңға айналады деген сенімдеміз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
-
Фотографии
-