2021 ЖЫЛ - БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЫЛЫ
Бастауыш кәсіподақ - қоғамда болып жатырған өзгерістерден шет қалмай, ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым болып табылады. Сондықтан әрі қарай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін белсендіру, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Cалалық кәсіподақ облыс көлемінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әдістемелік кабинеттерін ашуды жоспарлаған болатын. Бүгінгі күні Cалалық кәсіподақтың Қызылорда облыстың ұйымының төрайымы Гүлнар Есқалиеваның қатысуымен әдістемелік кабинет Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы № 99 орта мектебінен ашылып, жақын аймақтағы 10-ға жуық мектептің бастауыш кәсіподақ төрағаларымен бас қосты.
Кездесу барысында комитет басшысы бүгінгі таңда кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау барысында қол жеткізген жетістіктер мен атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып өтіп, кәсіподақ мүшелерін толғандырған сұрақтарын тыңдады. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына жұмыс барысында қолдануға арнайы жасалған бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар мен қолданыстағы заңдар үлестірілді. Жиын соңында комитет төрағасы оқу жылының аяқталуына орай, қияға қанат қаққалы отырған түлектерге сәттілік тілеп, олардың бойларына білім мен тәрбие дарытқан ұстаздарға алғыс айтып, марапаттарын табыс етті.
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-