ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ!
Маңғыстау облысының төрінде орналасқан басты ескерткіштің бірі - саз, әктас, құмтас, борлы тастардан қабаттап салынған жұмбақтарға толы Шерқала тауы. Сырттай қараған адамдар оны төңкерілген кесеге ұқсатса, енді біреулері таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді.
Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі.
Самал сайы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Өлкетану" бағыты бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген. Самал сайындағы шағын бұлақ көзі қысы - жазы ағып жатуымен ерекшеленді.
Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары, және түрлі емдік шөптер өседі, олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енгізілген.
Бұлаққа кіре берісте ақ жалбыздың хош иістері мұрныңа келеді. 15.05.2021ж. күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Туған жерге тағзым" тақырыбында 1991 жылғы педагогтар, Тәуелсіздік құрдастары аудандық кәсіподақтың қолдауымен, өздерінің туған өлкесінің киелі жерлері - Шерқала тауы мен Самал сайына барып, сол жерлердің тарихымен танысып, рухани демалып келді.
Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Олай болса құндылықтарымызды игере білу, насихаттау - азаматтық парызымыз.
Р. Текеева,
Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-