БІРЛІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН КӘСІПОДАҚ
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «№ 2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Молдағалиева Сәуле Жагорқызы 2011 жылдан бері мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы. Білім саласындағы еңбегі мен кәсіподақ ұйымының дамуына қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының «Алғыс хаты», «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ «Құрмет грамотасы» марапаттарының иегері.
Біздің мектебімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда Сәуле Жагорқызының қосып жатқан үлесі мол.
Кәсіподақтың алға қойған мақсаттары мен бағыттарының жүзеге асырылуын, еңбек адамдарының мұң - мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсетіп келеді.
Мектеп ұжымында мәдени іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады. Атап айтсақ, мектеп әкімшілігімен бірлесіп, «Ал, қане, әжелер!», «Ең үздік бірлестік» сайыстарын өткізді.
Жыл сайын әрбір мерекеде ардагер ұстаздарымыз да біздің ортамыздан табылады. Сәуле Жагорқызы кәсіподақтан бөлінген қаржыны тиімді қолданады.
Мекеме ұстаздарының еңбектері мен жетістіктері әрдайым еленіп, мерейтойларына, мерекелік және спорттық шараларға үнемі қолдау көрсетеді. Сыйлықтар мен сертификаттарды тарту етіп, марапаттау бойынша көптеген игі істер атқаруда.
Кәсіподақ жұмысының бір басым бағыты мекеме қызметкерлерінің денсаулықтарын сауықтыру үшін шипажайларға жіберілуін қамтамасыз етеді.
Сондай – ақ, жұмыстан тыс кәсіподақ мүшелерінің туған өлкеміздің «Тамшалы» атты демалыс орнына саяхаттап, таза ауасымен тыныстап, салауатты өмір салтын ұстануына да септігін тигізуде.
Ол «Бірлікке жетелеген - Кәсіподақ!» деген ұранды бағытқа ала отырып, кәсіподақ ұйымы мүшелерін еңбек етуде бірлікте болуға жетелеуде.
Кәсіподақ ұйымының мықты көшбасшысы деп бағалай отырып, алдағы уақытта да сізге шығармашылық табыстар және сәттілік тілеймін!
Ж.Тұралбаева,
№2 Арнайы жалпы білім беру мектебі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-