МАРАПАТ МЕРЕЙ ӨСІРЕР
Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің" 76 жылдығына орай Кентау қаласының білім ошақтарында мерекелік жиындар өткізілді.
Әр іс-шара барысында мерекеге орай концерттік бағдарламалар, құттықтаулар болды. С.Қожанов атындағы №9, Ә.Бөкейханов атындағы №23 орта мектептері мен М.Әуезов атындағы №22 мектеп- гимназиясында өткен мерекелік жиындар барысында мектеп директорлары құттықтау сөзін сөйлеп, білім саласында аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына, балалардың заман талабына сай білім алып, қоғамға тәрбиелі ұрпақ дайындауға өз үлестерін қосып жүрген білім саласының жанашырлары - кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелерін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының және Кентау қалалық кәсіподағының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Барша марапат иелерін марапаттарымен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!
-
Фотографии
-