САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – БАСТЫ ҰРАН
Жеңіс күніне орай, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында үстел теннисінен мектепішілік жарыс өткізілді.
Кәсіподақ ұйымының белсенді, жас жетекшілерінің бірі – Азамат Садыров Жеңістің 76 жылдығын құттықтай келе:
- Жеңіс күні әр адамды ерекшетебірентіп, жүректермен өткенді еске оралтатын күн. Майдангер бабаларға тағзым етіп, ерлік рухын асқақтататын күн. Осы мереке қарсаңында кәсіподақ ұйымы жан - жақты бағытта шаралар өткізуде. Ол рухани, ол мәдени, ол спорттық шаралар. Айтулы мерекелерде кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелері ешқашан да қалыс қалмақ емес, - деді.
«Ерлікке тағзым» деген ұранмен кәсіподақ мүшелері арасында өткен ішкі турнир нәтижесінде жүлделі 1-ші орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәурен Ғаббас, жүлделі 2 - ші орынға Эльвира Болатқызы, 3 - ші орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейірсейт Әбиев ие болды.
Мереке қарсаңында кәсіподақ қозғалысының белсенділігіне үн қосып, демалыстарын тиімді өткізген ұстаздар бастауыш кәсіподақ атынан ақшалай сыйақылармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-