ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР ҰСТАЗДАР
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова өскелең ұрпаққа кемелді білім беру жолында қажырлы еңбек еткен, сонымен қатар ұлтаралық татулықтың әрдайым берік болып, достық пен бірліктің салтанат құруына өлшеусіз үлес қосқан сала ардагерлерін 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап барды.
Мұқашева Ғалия Хамидулловна педагогика саласында 44 жыл қызмет еткен. Ұлағатты ұстаз Мәртөк ауданындағы №1 Мәртөк орта мектебіне ұзақ жылдар бойы басшылық еткен. «Ұжымдағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықтың арқасында мектебіміздің жеткен жетістігі көп болды»,- дейді өзбек ұлтының өкілі.
Пак Светлана Лукинична — Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ардагері. 44 жыл бойы білім ордасында математика пәнінен сабақ берген.
Ал, Фоменко Наталья Александровна А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде жарты ғасырға жуық еңбек етіп келеді. Бүгінде 70 жастан асқан педагог болашақ музыканттарға хорда дирижерлік ету сабағынан дәріс береді.
Сала майталмандарының тағылымды әңгімелерін тыңдаған әлеуметтік әріптестер ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
-
Фотографии
-