ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Қордай аудандық комитеті Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін ескерусіз қалдырған жоқ. Бүгінде аудандық кәсіподақ комитетінде 73 Өндірістік кеңес және техникалық еңбек инспекторы бар.
"Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою - тұрақты қауіпсіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу" тақырыбында өткен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына мүшелік ұйымдардың басым көпшілігі атсалысты. Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне орай №18 «Ақбұлақ» бөбекжайында «Еңбекті қорғай білесіз бе?» атты викториналық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес мүшелерінің қатысуымен бөбекжай педагогтары арасында өтті. Викторинаға қатысушылар нормативті құқықтық заңнамаға байланысты сұрақтарға жауап беріп, «Ойлан, тап» кезеңінде еңбекті қорғау тақырыбында жасырылған сөз тіркесін тапқан қызметкерлер марапатталды.
Аталған күнге іс-шара жоспарын бекітіп, оны іске асырған №25 негізгі мектеп ұжымында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар, дөңгелек үстел өтіп, ұжым екі командаға бөлініп, еңбек қауіпсіздігі бойынша сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырып, соңында спорттық жарыс өткізді.
Сонымен қатар, №№4, 8, 10, 12, 16, 19, 21, 28 мектептерінде, «Ақмаржан», «Ақбота», «Арай», «Темірлан» балабақша, бөбекжайларында, Қордай ауылындағы БЖШО, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде, Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында «Дағдарыстың алдын ала білу және оған дайын болу - қазір еңбекті қорғаудың барабар жүйелеріне инвестициялау» тақырыбында сақтық шараларын сақтай отырып еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинарлар, өрт және электр қауіпсіздік шараларын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы туралы, мекеменің қауіпсіздік шараларын қамтамсыз ету жұмыстарында атқарып жатқан іс шаралары туралы ой пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, Қордай ауданы бойынша аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Бауыржан Алпысбаев ZOOM платформасында өткізген семинарда атаулы күннің тақырыбы аясында кәсіподақ тарапынан еңбек инспекторларына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып, жыл сайын «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауы ұйымдастырылатынын жеткізді. Осы байқауға барлық әріптестерінің белсенділік танытып, қатысуға шақырды.
Еңбекті қорғауға ерекше назар аударатын Қордай ауданы білім мекемелері мен ұйымдарында 2020 жылы және 2021 жылдың сәуір айына дейін өндірістік жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Мұнда «Еңбек адамына – лайықты өмір» деген қағиданы қарапайым еңбек адамдары жәй ғана ұран емес, өмір сүру және еңбек ету аксиомасына айналдырған.
С.Акишпаева,
Қордай ауданы,
Жамбыл облысы.
-
Фотографии
-