ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ
Республикалық Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің «2021 жылды «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы» ретінде жариялау туралы» қаулысын жүзеге асыру бағытында, аймақтағы білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіподақ ұйымдары бәйге талаптарына сай қорытындыларын шығару үстінде.
Осы мақсатта «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» байқау-сайысын қашықтықтан ұйымдастырған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Атырау қалалық және Мақат аудандық комитеттері өз шешімдерін шығарды.
Атырау қаласы бойынша – І орынға № 20 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназия бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы Ж.И. Сапарова), ІІ орынға № 29 «Нұрсая» бала-бақшасы (төрайымы Г.А. Карабасова) және ІІІ орынға № 37 орта мектеп (төрайымы А.С. Нығметова), № 18 Х.Доспанова атындағы (төрайымы А.Б. Қойшыгулова) және И.Тайманов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымдары (төрайымы Г.Е. Айтжанова) «лайық» деп танылды. Сондай-ақ, Қазылар алқасының шешімімен Амангелді, Жангелдин атындағы, Еркінқала, № 6 орта мектептері мен № 21 «Алтын кілт» бөбекжай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары «Ынталандыру» сыйлығымен аталып өтті.
«Жеңімпаз» деп табылған барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары арнайы Дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мақат ауданында өткізілген байқаудың қорытындысымен М.Баймұханов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы М.Сатимова) І орынды иеленді.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-эконоикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру, білікті және белсенді төрағаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шара басқа аудандарда да жалғасын табады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ
кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-