«КӘСІПОДАҚТЫҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ -2021»
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалы «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы -2021» байқауының іріктеу кезеңін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - ұжымда кәсіподақ ұйымының беделін арттыру, кәсіподақ жұмысының тиімділігін көрсету, өзара тәжірибе алмасу, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын арттыру болып табылады.
Аталған байқау туралы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына екі ай бұрын хабарланып, Ережесі берілді. Нәтижесінде, 13 білім беру мекемелеріндегі кәсіподақ төрағалары байқауға қатысуға ниет білдіріп, қажетті құжаттарды жолдады.
Онлайн форматта өткен шарада қоғамдық бірлестіктің барлық бағыттары қамтылып, білім ордаларындағы кәсіподақ төрағаларының соңғы үш жылдағы жинақталған құжаттары қазылар алқасының назарына ұсынылды.
Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Ж.Дуанаев, жастар Кеңесінің төрайымы А. Ильясова, №49 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Лабилданова, кәсіподақ филиалының есепшісі Г.Иманбекова сынды әділқазы алқалары шараға қатысушылардың жұмыстарын қарап, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Күреңбел орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Маукенова иеленіп, облыстық деңгейдегі байқауға жолдама алды. Ал , екінші орынды Архарлы негізгі, Аралтөбе орта мектептеріндегі кәсіподақ өкілдері еншіледі. Үшінші орынды Т.Құлыбеков атындағы және Нұрым, Қоғалы орта мектептерінде бастауыш ұйымның төрағалары иеленді.
Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Ж.Дуанаев жеңімпаздарды құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
«Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ
Кербұлақ аудандық филиалы
-
Фотографии
-