«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?»
«Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылына» орай Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аудандық, қалалық филиалдармен бірлесіп, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын өткізіп жатыр.
Акция аясындағы шараның бірін Текелі қалалық кәсіподақ филиалы ұйымдастырды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жағдайымен танысу, әдістемелік көмек көрсету, құжаттардың рәсімделу ретіне назар аудару, төрағаның атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау үшін филиал төрағасы А. Тұрсынғалиев бейнебайланыс режимі арқылы №6 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында №6 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мұқашева 2018-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебін берді.
«Еңбек ұжымында 72 адам жұмыс істейді. Барлығы кәсіподақ мүшесі. Сала қызметкерлерінің құқығы қорғалған. Мерекелерде кәсіподақ мүшелері түрлі марапаттармен марапатталуда. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысушыларды ынталандыру дәстүрге айналған. Сауықтыру орындарында да үнемі кәсіподақ мүшелері демалады»,-деді кәсіподақ өкілі өз сөзінде.
Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға Текелі қалалық филиалының төрағасы А. Ақжолтайұлы жауап беріп, аталған шараның маңызды тұстарына тоқталды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өткізілетін ауқымды шаралар туралы көпшілікті хабардар етіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымы» ҚБ Текелі қалалық филиалы
-
Фотографии
-