КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ ИГІ ІСТІҢ БАСЫНДА
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалының жанынан құрылған жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» атты акциясы өтті. Оған Ә.Ильясова, Ғ.Баймолда, Б.Лаханова, С.Айтбек, Г.Нұрғали, А.Әшім, Б.Қожахмет, Ғ.Тілеміс сында ауданның жас ұстаздары қатысып, белсенділік танытты.
Жастар Кеңесінің мүшелері білім саласында жұмыс істеп, бүгінгі күні зейнеткерлікке шыққан ұстаздарға құрмет көрсетіп, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созды. Аудан көлемінде оннан астам отбасыға азық-түлік салынған себеттер табыс етілді.
Оның ішінде, Сарыөзек ауылындағы №49 орта мектепте 42 жылдан астам уақыт математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз А.Ақылбековада бар.
Айман Оразбекқызы жастардың бет алысына, жасаған істеріне алғысын білдіріп, жақсылық жасауға жарысқан мұғалімдерге ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірді.
Аталған қайырымдылық шарасына Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы да қолдау танытып, игі бастаманы жалғастыруға ниетті. Алдағы уақытта білім саласында жұмыс істеген сала ардагерлеріне құрмет көрсетіледі деп күтілуде.
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалы
кәсіподақ ұйымы» ҚБ Кербұлақ аудандық филиалы
-
Фотографии
-