ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК
Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталғалы Алматы облысында қайырымдылық шаралары үздіксіз жалғасып келеді.
Осындай акцияның бірі - Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында өтті. Қаратал аудандық маслихаттың ұйтқы болуымен бастау алған «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасына «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ Қаратал аудандық филиалы да үлесін қосты.
Аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған акция аясында аудандағы он бес жанұяға азық-түлік табыс етілді.
Игі істің басы қасында Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Теңелбаев пен Қаратал аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы, аудандық маслихат депутаты Б.Абақов табылды.
Аудандық мәслихаттың өкілі Ж. Қасқырбекұлы аудан көлемінде өтіліп жатқан акция туралы ақпарат берсе, қоғамдық бірлестіктің тарапынан Б. Нұртілеуұлы сөз алып, қайырымдылық шарасына қолдау танытқанын жеткізді.
«Көптен бері көкейде жүрген арманымыз бүгін орындалды. Шама- шарпымыз келгенше аталған акцияға өз үлесімізді қостық. Бұл шара барысында білім саласының қызметкерлеріне де қажетті азық-түлік салынған себептер жөнелтілді. Алдағы уақытта да осы шараны жалғастыра бермекпіз»,-деді кәсіподақ филиалының төрағасы өз сөзінде.
Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушылардың жұмысына сәттілік тіледі.
«Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ
Қаратал аудандық филиалы