КӘСІПОДАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ЖЫЛЫОЙДА БОЛДЫ
Атырау облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, атап айтқанда, «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты І.Ұ. Баймұханов, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымы Г.С. Шайхашева және «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы іссапармен Жылыой ауданында болды. Келген қонақтарды аудан әкімі Х.Ж. Жамалов қабылдап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жүзеге асырылып жатқан жоспарларымен бөлісті. Бұдан кейін елдегі ахуалға байланысты карантиндік шараларды сақтай отырып білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен және жұмыс берушілермен болған кездесуде бірқатар ұсыныс, талап-тілектер ортаға салынды. Облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Сүндетұлы «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылына» орай «Қалің қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» атты акцияның жүрісімен таныстырды. Сондай-ақ, ауданның осы саладағы кәсіподақ мүшелерінен түскен сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, № 22 орта мектеп ұжымының талап-тілектеріне орай, облыстан арнайы ревизиялық тексеру комиссиясы келетінін ескертті. Білім беру мекемелеріндегі есепшілер мен техникалық қызметкерлердің жалақысын өсіру мәселесіне орай Министрлікке арнайы қатынас хат жазылғанын және облыстық мәслихатқа ұсыныс берілгеніне тоқталды.
Кездесуде сөз алған №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Шарғабаева, Т.Құлтумиев атындағы балалар саз мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Қоңқашева, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Г.Таңатарова және облыстық мәслихаттың депутаты А.Сисенов өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды.
Жиналысты қорытындылаған «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов бастауыш кәсіподақ ұйым төрағалары тарапынан болған ұсыныс, талап-тілектерді жүзеге асырудың шарасы жасақталатынын айтты.
Кәсіподақ көшбасшыларының ендігі сапары Индер, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарында жалғаспақ.
«Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» ҚБ
кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-