КӘСІПОДАҚ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына қарасты аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының есепшілеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған шара аясында қаржы мамандары «1С бухгалтерия» бағдарласының құрылымымен және жұмыс істеу принциптерімен танысып, өзара іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарындағы қаржылық жұмыстардың қорытындысы жарияланды. Облыстық тексеру комиссиясының шешімімен кәсіподақтың кіріс-шығысын тиянақты есептеп, іс-қағаздарға тыңғылықты қараған Мұғалжар ауданының есепшісі Айнагүл Маманова облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
Дәл осындай оқыту семинары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қазынашыларымен де өтті. Шектеу шараларының күшейтілуіне орай шара қашықтан ұйымдастырылды.
-
Фотографии
-