АБАЙ ЕЛІНДЕГІ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ
Семей аймақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған турнир ұйымдастырды.
ШҚО Абай ауданы, Абай атындағы мектеп лицейінің базасында білім қызметкерлері кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өтті. Аталған додаға барлығы 9 команда, Аягөз, Көкпекті ауданы,Семей қаласынан және Абай ауданынан 90- ға тарта ойыншы қатысты. Ойынның ашылу салтанатында Семей аймақтық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы С.Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Байрақты бәсеке қорытындысында жүлделі 1-ші орынды Семей қаласы №39 о/м, 2-ші орынды Семей қаласы № 16 о/м, 3-орынды Абай ауданы Абай мектеп лицейі иеленді. Жеңімпаз командалар Семей аймақтық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының арнайы грамотасы және кубоктарымен марапатталды. Барлық командаларға Абай мектеп лицейінің ұжымы мен демеушілердің бағалы сыйлықтары табысталды.
Жарыс барысында шебер ойын көрсеткен №39о/м М.Серікұлы, №16 о/м О.Айжақсин, М.Әуезов о/м Н.Қасенов «үздік ойыншы» атанып, арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Абай аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.Жарылғапов жарыс жеңімпаздарын құттықтап, төрешілерге арнайы сыйлық, мектепке кәсіподақ ұйымының атынан волейбол доптарын тапсырды.
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Абай мектеп лицейінің директоры Р.Тілеухановты арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Жарысқа қатысқан барлық командаларға тегін ас берілді. Атқарылған шаралар болашақта жалғасын табады.
М.Жарылғапов,
Абай аудандық білім қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы,Шығыс Қазақстан облысы
-
Фотографии
-