ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ
Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі - 30 жыл. 1991 жылы іңгәләп дүние есігін ашқан сәбилер бүгін 30 жаста. 100-ден астам Тәуелсіздіктің құрдасы ауданның білім саласында жемісті еңбек етуде.
Сәуірдің сенбі күні Мұнайлы аудандық Жастар кеңесі отырысында көпшіліктің қолдауымен төрағалыққа Манас Шыңдаулов тағайындалып, кеңес «Тәуелсіздік құрдастары» деп аталды және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталды.
Жастар кеңесінің жоспары бойынша бүгін ауданның Тәуелсіздік саябағында Тәуелсіздік құрдастары сенбілікке шығып, 30 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Р. Текеева,
Мұнайлы аудандық кәсіподақ
филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-