ТАҒЗЫМ АЛАҢЫНДА ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына -76 жыл.
тұғырлы Тәуелсіздігімізге - 30 жыл.
Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова «Ардагерлерді аялайық» жобасының аясында облыс көлемінде «Мың алғыс Сізге, майдангер» атты арнайы шаралар шеруін бастаған болатын.
Басты мақсаты - ардақты ардагерлерімізге жан-жақты қолдау көрсете отырып, майдангерлердің ерен еңбегі мен өшпес ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау арқылы бүгінгі бейбіт өмірдің құндылығын, Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін жастар санасына сіңіру.
Шеруді әрі қарай комитет бастамасымен білім саласының Тәуелсіздік құрдастары, яғни жас ұстаздары жалғастырып, облыс көлемінде жаппай бір уақытта «Ер есімі-ел есінде» кешенді тағзым алаңында тал егу акциясын ұйымдастырды.
Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімдіктілерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн – Ұлы жеңіс күні.
Атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай , жауды қайсарлықпен жеңіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен халқы үшін үлкен қуаныш болған күн!
Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-