ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ
Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы М.Қоңырбаев Қарағанды облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жезді мектеп-интернаты» КММ-нің және «№6 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ ұжымымен, кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаев Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының Стратегиясы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының бүгінгі таңда кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау барысында қол жеткізген жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Кәсіподақ мүшелерін толғандырған өзекті сұрақтары тыңдалды, ортаға салып талқыланды және заң талаптарына сай тиісті жауаптары берілді. Сұрақтардың басым бөлігі педагог қызметкерлерге жалақы төлеу, үстемеақы төлеу және кәсіподақ жарнасын жинау және оны дұрыс жұмсау туралы болды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына жұмыс барысында қолдануға арнайы жасалған бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар мен қолданыстағы заңдар табыс етілді.
Сонымен қатар, Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші маманы М.Ерназаров мектептерді аралап, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуы бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру туралы мектеп басшылығына ұсыныс жолданды.
Кездесу соңында төраға М.Қоңырбаев бірқатар кәсіподақ белсенділерін Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен марапттады.
-
Фотографии
-