КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ Текелі қалалық филиалы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес отырысын өткізді. Оған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, білім ордаларының басшылары, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Алқалы жиынның күн тәртібінде «Текелі қалалық филиалының Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда атқарған жұмыстары туралы» мәселе қаралды.
Бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған жиында Текелі қалалық филиалының төрағасы А. Тұрсынғалиев баяндама жасады. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі, еңбек демалысына шығуы, магистр дәрежесі бар педагогтарға үстемақы беру мәселесі жергілікті жерлерде көтеріліп, түскен арыз-шағымдарды уақытында қарастырып, толық жауап берілгенін айтты. Сондай-ақ, педагогтардың мәртебесін арттыруға арналған алдағы жұмыс жоспары, туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сала қызметкерлерінің ұсыныстары назарға алынатынын жеткізіп, көпшілікті бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Жиын барысында мұғалімдер белсенділік танытып, қоғамдық бірлестіктің жұмысын жандандыру үшін бірқатар жаңа бағыттарды нақтылады.
Текелі қалалық филиалы маңызды жиынды атқару комитетінің отырысымен жалғастырды. Онда «№6 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы», «2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің және олардың балаларының сауықтыру демалысын ұйымдастыру туралы», «№ 8 орта мектебіндегі өндірістік Кеңестің жұмысы туралы» мәселелер күн тәртібіне енгізіліп, бастауыш кәсіподақ төрағаларының есебі тыңдалды. Кәсіподақ төрағалары өзара тәжірибе алмасты.
Жиындарда көрсетілген мәселелер толық қарастырылып, тиісті қаулылар қабылданды.
Жиындарда көрсетілген мәселелер толық қарастырылып, тиісті қаулылар қабылданды.
А.Тұрсынғалиев,
Текелі қалалық филиалының төрағасы,
Алматы облысы
-
Фотографии
-