ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданының «Керней тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжымның арасында «Көңілді мәре» спорттық ойынын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Ойынның салтанатты ашылу рәсімі әнұранмен басталды. Ұжым үш командаға бөлінді. Деңе шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жумкенов шарт бойынша спорттық ойындар өткізді.
Ойын кезінде ұжымда ұйымшылдық, достық қарым-қатынастың маңыздылығы байқалды. Әр топ ойыншылары өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру», «Допты жоғарғы жақтан өткізу», «Секіртпемен жүгіру», «Допты аяқ астынан өткізу», «Боулинг», «Орнынан тұрып секіру», «Кім жылдам», «Арқан тарту» ойындарында ұстаздар өзара сынға түсті.
Жарыс қорытындысын шығарып, әділ бағалап отырған әділқазылар алқасы А.Сүлейменова, Ш.Масалинова, К.Тілеубаева, Е.Утеуленовтер сөз сөйлеп, сайыстың нәтижесін шығарды.
Халық саулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағының кепілі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, жан мен тән саулығын сақтап, нығайтуға мән беріп, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Н.Саршинова,«Керней ОШ (ресурстық орталық) КММ-нің
кәсіподақ ұйымының төрайымы,Қарағанды облысы