"ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ – 2021"
Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7-8 сәуір күндері Жалпы білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі - 2021» облыстық конкурсы Мұнайлы ауданының №9 орта мектебінің базасында өтті. Облыстық конкурсқа облысымыздың барлық өңірінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шараның салтанатты ашылу сәтінде Білім басқармасының адамның адамгершілік рухани даму, қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Қ.Газимова және Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Байымбетова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесінде, «Шығармашыл мұғалім», «Дене шынықтырудың заманауи сабағы», «Қашықтықтан оқытуға арналған үздік сабақ жоспары», «Үздік бұқаралық спорттық іс-шара», «Өз ісінің шебері» кезеңдері бойынша мұғалімдер сайысқа түсіп, шеберліктерін көрсетті.
Аймақтық дене тәрбиесі орталығының басшысы Б.Ибраев төрағалығымен қазылық еткен төрешілер құрамы конкурсты қорытындылай келе І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушыларды арнайы диплом және медальдармен марапаттады. Сондай-ақ, байқаудың әрбір кезеңінде үздік болған қатысушыларға номиациялар бойынша диплом табысталды.
Жалпы білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі - 2021» облыстық конкурсында І орын алып, жеңімпаз атанған Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ә.Асанғалиев Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру базасында өтетін ақтық кезеңге жолдама алды.
Облыстық байқаудың барлық қатысушыларына Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының атынан бағалы сыйлық сертификаттары табысталды.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ
-
Фотографии
-