ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ
Білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөніндегі қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін айқындау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау мақсатында «Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Мұнайлы аудандық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына «Ұжымдық шарт-маңызды құжат» атты семинар ұйымдастырды.
Семинарға 30-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы Рита Текеева Ұжымдық шарттың маңыздылығы, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін, әлеуметтік жағдайын жақсартатын құжаттың ерекшелігі туралы слайд арқылы түсінік беріп, сала қызметкерлері тарапынан түскен сұрақтары мен еңбекті қорғау жөніндегі мәселелері талқыланды.
Шара соңында бастауыш кәсіподақ ұйымы жылының аясында белсенді қызмет атқарып жүрген көшбасшыларға «Алғыстар» мен бағалы сыйлықтардың сертификаттары табысталды.
Р.Текеева,
«Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» ҚБ Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы
облыстық ұйымы» ҚБ Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-