АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің отырысын өткізді.Алқалы жиынға аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері қатысты.Күн тәртібінде Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының 2020 жылғы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептің қорытындысы, 2020 жылы кәсіподақ мүшелерін сауықтыру демалысын ұйымдастыру, Ескелді аудандық, Текелі қалалық кәсіподақ филиалының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәселелер қаралды.
Жиынды облыстық ұйымның төрағасы М.Төлепбергенов жүргізіп, білім саласындағы оң өзгерістер жайында көпшілікті таныстырды. Ол биылғы жылы облыс көлемінде 29 мектеп салынатынын және 23 білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып, кәсіподақ мүшелерінің еңбекақысының сақталуы, құқығының қорғалуына барлық деңгейдегі төрағалар ықпал етуі керектігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселе бойынша облыстық ұйымның бас маманы Л.Сағынғалиқызы баяндама жасап, 2020 жылы кәсіподақ мүшелерінің саны 26545 адамды құраса, жыл басынан бері 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, адам саны 625-ке артқанын жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жұмыстарыжанданғанын атап өтіп, індетке шалдыққан білім саласының қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілгеніне тоқталды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы А.Исабаев үшінші мәселе бойынша жан-жақты ақпарат беріп, кәсіподақтың қаржылық-шаруашылық жұмысының маңыздылығын атады. Атқару комитетінің отырысында облыстық кәсіподақтың ішкі жұмыстары пысықталып, қажетті қаулылар қабылданды.
Шара соңында Е.Хаймулданов пен Б.Абақов ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен, Ә.Жайлымысова Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төсбелгісімен марапатталды.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-