ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ
Жуырда Қарақия ауданының Құрық кентіндегі №1, №6 орта мектеп ұжымымен және Қарақия ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшыларымен облыс орталығы Ақтау қаласындағы «Кәсіподақтар үйі» ғимаратының конференц залында Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттар жасасудың заңдылығы» тақырыбында семинарлар өтті.
Кәсіподақ қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдігі, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, олардың денсаулығы мен сауықтыру шаралары қарастырылатын құжат туралы мәліметті Кәсіподақ төрайымыТ.Баймбетова айтып өтті. Сонымен бірге төрайым "Педагог мәртебесі туралы" Заңының талаптарын орындау жөніндегі кәсіподақтың педагогтар арасында жүргізіп жатқан сауалнамасына қатысудың маңыздылығын атап өтіп, педагогтарды сауалнамаға қатысуға шақырды.
Семинарда сондай-ақ Т. Баймбетова 2021 жыл – «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы» аясында іске асырылып жатқан жұмыстармен таныстырып, «Үздік бастауыш ұйым» облыстық байқау-сайысына белсене қатысуға үндеді.. Салалық кәсіподақтың "Bilim Kasipodagy" мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде ҚР нормативтік құқықтық актілерімен, Салалық кәсіподақтың қызметімен, жаңалықтар ленталарымен танысуға болатынын, сондай-ақ Favorit калькуляторымен жалақыны есептеп, кәсіподақтың мүшелік ұйымдары басшыларының байланыс номерін алып, сұрақтар бойынша облыстық кәсіподақ ұйымдарына жүгінуге мүмкіндік барын ескертті.
Ал, Ұжымдық шарт талаптары ҚР Еңбек кодексінен бастап барлық заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіподақ мүшесі болып табылатын сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға, оларға қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, оңтайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталғанына Кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.Храмова тоқталып, құжаттың мақсаты мен міндеттерін нақты түсіндіріп өтті.
Құжат мазмұнына сәйкес кәсіподақтың әр қызметкері өзінің тікелей қызметтік функциясын сапалы әрі жоғары деңгейде орындап, ішкі еңбек тәртібін сақтауға, өз шеберліктерін үнемі шыңдап отыру мен заман талабына сай жұмыс істеуге міндетті.
2021-2023 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттар, бұл әлеуметтік әріптестік туралы құжат жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы байланысты тереңдетіп, еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіздік техникасын сақтау, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді ұсынуды көздейді.
Бұл игілікті шаралар алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да жалғасатын болады.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ