ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРШЫСЫ – ӘЗ НАУРЫЗ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуді және көктемгі мерекенің мазмұнын байытуды тапсырды.
«Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Семей аймақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің университеттегі бастауыш кәсіподақ ұйымы оқу орнында көп жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріне Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар аясында «Наурыз дәмі» акциясын өткізді. Университеттің кәсіподақ белсенділері 155 ардагерді риясыз шаттық пен қуанышқа бөлеп, алғыс - баталарын алып қайтты.
Ұлыстың ұлы күні – Наурызда халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Осы дәстүрге сай Шәкәрім университетінде де амал мерекесі, көрісу мерекесі барлық санитарлық талаптарға сай шағын адам санымен құрылымдық бөлімдерде аталып өтілді.
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, татулықтың тұғырын нығайтып, қуанышқа кенелтер мереке. Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды.
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар әкеліп, еліміз гүлденіп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Қ.Құрманбаева,ф.ғ.к., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
бастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымы
бастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымы