ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Ж.Әлмағанбетов пен «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның «Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы» филиалының төрайымы Л.Күнеділова Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар сала қызметкерлерін марапаттады. Солардың бір тобы Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарына ие болды.
Олар-өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес,өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер. Сондай мұғалімдердің қатарында Манасбаева Айдын Болпанайқызы - Қ.Шыңғысов атындағы №5ЖББМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Күлмағанбетова Сымбат Алтынбайқызы – 13ЖББМ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,Хлопчур Елена Сергеевна-№9 мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі,Көкенова Еркежан Тілеутайқызы-№21ЖББМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және «Ұшқын» бөбекжайының тәрбиешісі Мельник Наталья Павловна бар. Әріптестерімізді, бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз еленіп, жұмыста жақсы нәтижеге жете берулеріңізге тілектеспіз.