НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨҢІЛДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласының «Б.Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Кәсіподақ ұйымы 2020 жылдың наурыз айынан бастап мектепте үздіксіз жұмыста болған кіші қызметкерді мерекемен құттықтады. Пандемия кезеңінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігін назардан тыс қалдырып, күнделікті жұмысқа шыққан азаматшалар қаншама?! Солардың бірнешеуі мектептің Кәсіподақ ұйымының мүшелері Байжұманова Күлназия Жұмағалмқызы, Дешко Надежда Михайловна, Хасенова Забила Айтқазықызы және Решетникова Елена Сергеевна.
Осы қызметкерлердің жалақысының төмендігін ескере отырып, қалалық Кәсіподақ ұйымының қолдауымен сыйақы тағайындалып, төрайым Оразаева Ләйлім Төлеуханқызы салтанатты жиын үстінде олардың еңбектерін жоғары бағалап, Алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты жиында мектеп директоры С.В.Родионов және оқу ісінің меңгерушісі Ж.М.Рахимжанова да сөз сөйлеп, кіші қызметкерлердің еңбектеріне алғыс білдірді.
Ж.Түленова,
Семей қаласы
-
Фотографии
-