ДӘСТҮРЛІ «НАУРЫЗ ЖЫЛУЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Наурыз – ізгілік пен қайырымдылықтың бастауы. Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы жабырқағанның жанынан табылуды игі дәстүрге айналдырып келеді.
17 наурыз күні облыстық ұйым Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы «Наурыз жылуы» дәстүрлі науқанын бастады. Білім-ғылым саласына қарасты барлық облыстық мекемелерге, атап айтқанда: кәсіптік –техникалық колледждер, арнайы мектеп-интернаттары, оңалту орталықтары, оқу орталықтарындағы сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қарай әрбір мекеме ұсыныстарына сәйкес азық-түліктер таратылды.
18 наурыздан бастап акция барлық аудандарда жалғасын тауып, азық – түлік қоржындары үлестірілетін болады.
Игі істердің қарқыны алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығын қорғау, әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында көмек беру назардан тыс қалмайды!
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-