САЛАУАТТЫ ДЕМАЛЫСТА БІРГЕМІЗ
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жариялаған 2021 жыл –кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында еңбек етушілер арасында салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогына еңбек ұжымдары арасында жыл сайын өтетін мұз асты балық аулау бойынша жарыс өтті.
Жарыс Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында ұйымдастырылды. Жарысқа Қарағанды облысы салалық кәсіподақтарының аймақтық құрылымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Қарағанды облыстық ұйымының "Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитеті" филиалының атынан жарысқа үш топ белсенді атсалысты: Қасым Аманжолов атындағы орта мектептің педагогтары – Е.Баготанов, Д.Берікболов, К.Беспаева, №78 жалпы орта білім беретін мектептің директоры А.Мяленко, кәсіподақ төрайымы В.Анненкова, мектеп қызметкері Ф.Сазонов және №5 мектептің педагогтары Б.Абдикаримов, С.Жаңбырбаев, А.Овчаров. Жарыстың барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Марапаттау кезінде "Индустриальная Караганда" газетінің бас редакторы В.Рыжков Қасым Аманжолов атындағы мектеп командасын ерекше атап өтіп, атаулы сыйлығын табыстады.
Қарағанды қаласының №78 орта мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы В.Анненкова "Мисс рыбачка" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлерінің
Қарағанды облыстық ұйымының"Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитеті" филиалы
-
Фотографии
-