МАРАПАТ МЕРЕЙ ӨСІРЕР
Кәсіподақтың Қарақия аудандық комитеті көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру ұйымдарында бірнеше шара ұйымдастырды.
Карантин талаптарын сақтай отырып, ауданның Жетібай ауылының №3 орта мектебінде «Керемет Арулар» атты спорттық эстафеталық сайыс өткізілді. Сайысқа 6 бірлестіктен 6 команда қатысты. Эстафета: арқан тарту, кенгуру, мылтық ату, логикалық сұрақ-жауаптардан болды. Қатысушы командалар: «Жетібай жұлдыздары», «Қызғалдақтар», «Сарғалдақтар», «Бірлік», «Достар», «Бәйшешек» деген атаулармен шығып, арнайы жүлделі орындарға ие болды.
Сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Аудандық кәсіподақтың Сенек ауылының Қашаған орта мектебі бұл күні бар ғұмырын бала оқытып, шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер-ұстаздарды марапаттады. Шара барысында кәсіподақтың белсенді мүшелері мектепке дейінгі, орта білім беру жүйесіндегі көп жылғы еңбектері мен шығармашылық табыстары, аудандағы кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен, мерекелік сыйлықтарымен марапатталды.
Індет кезінде санитарлық талаптарды сақтап, азғантай жалақыға адал еңбек етіп жүрген Құрық ауылындағы №1 мектептің кіші қызметкерлеріне де құрмет көрсетіліп, ерекше сыйлықтар тарту етілді. №7 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының «90 жылдардағы» биден ұйымдастырған ретро сайысы қызғылықты, әрі тартымды өтті.
Б.Тіналиева,
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Қарақия аудандық филиалының төрайымы
-
Фотографии
-