ТҰРАҚТЫ КӘСІПОДАҚ – ТИІМДІ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ
Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының 2020 жылғы атқарылған жұмысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымы басшыларына жиналыс өткізді.
Жиналысқа мүшелік бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары мен облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова қатысты.
Жиналысты Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова құттықтау сөзімен бастап, биыл 2021жылдың жағымды жаңалығы –«бастауыш кәсіподақ ұйымының» жылына арналғандығын атап өтіп, бүгінде кәсіподақ қызметіндегі әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары өз ұжымындағы еңбек қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғаудағы еңбектері және бірлесе атқарып келе жатқан қызметтері үшін алғысын білдіріп, көктем айындағы мерекелермен құттықтады.
Жиналыстың күн тәртібінде қойылған мәселелерге тоқталып, 2020 жылғы жұмыс қорытындылары баяндалды.
Ұжымдық шарттың ролі мен маңыздылығы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар жыл бойына жүргізілген шаралар бойынша: еңбек қызметкерлерінің құқықтық актілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек қатынастары, еңбекақы төлеу жүйесі, әлеуметтік жағдайларына да байланысты бірқатар жұмыстар өз деңгейінде орындалып, қолдау көрсетілгендігі аталды.
Еңбек қатынасына байланысты заң бұзушылық: жұмыстың бос тұрып қалу уақытындағы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша, біліктілік дипломы бойынша, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, кәсіподақ ұйымының мақсаты мен міндеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Балабақшалар мен білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің арызы негізінде тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде кемшіліктер анықталып, қызметкерлердің 1 3596704, 35 теңге көлеміндегі қаражаты қайтарылып берілгені аталып өтті.
Одан әрі мақсатты ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар, қайырымдылық қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді.
Жиналыстың екінші бөлімінде мерекелік кеш барысында белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымы атынан Құрмет грамотасымен және сыйақымен марапатталды. Барлық 66-бастауыш кәсіподақ ұйымы басшыларына қалалық кәсіподақ ұйымы атынан сертификаттар табысталды.
Жиналыс соңында қатысушылар шараның жүйелі ұйымдастырылған, ашық жариялылықпен, толық мәліметтер берілгендігін айта келе, бүгінде кәсіподақ ұйымы – қолдаушы күш екендігін жеткізіп, кәсіподақ ұйымы жұмысына толағай табыс тіледі.
Н.Қаржауова,Ақтау қаласындағы №10 «Толқын» бөбекжайының
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы,
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Маңғыстау облысы
-
Фотографии
-