ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Көктемнің шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және олардың білімін жетілдіру жолында қажырла еңбек еткен ұстаздарға игі тілектерін жаудырып, сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шаралар аудандарда жалғасын тапты. Қарғалы ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы облыстық пәндер олимпиадасында және «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларда жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған үздік ұстаздарды марапаттады.
Білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ауданның мерейін асырып жүрген педагогтарға шипажайда демалуға сертификаттар табысталды.
Ал, Әйтеке би ауданынының кәсіподақ ұйымы 8 ұстазға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» мен ақшалай сыйлықтарын және Алға қаласындағы «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығына жолдамаларын берді.
-
Фотографии
-