ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Бүгін Атырау облысы «Таланттарды анықтау және қолдау» Білім беру орталығы жанынан жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Орталық Абай атындағы облыстық «Оқушылар сарайында» орналасқан. Жаңа ұжым аймақтағы білім беру мекемелеріндегі таланатты оқушыларды анықтап, түрлі жарыстарға дайындайды.
Алғашқы бастауыш кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысын орталық директоры Р.Сарбалин сөз сөйлеп ашты. Одан кейін сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы ұйымның жұмысы мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Атырау облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты І.Ұ. Баймұханов та бейнебайланыс режимінде жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелігіне қабылданған барша қызметкерлерді құттықтады.
Осыған дейін ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің УГ-157/11 түзету мекемесінің жанындағы колледж» ММ ұжымының жанынан да жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, төрағалығына Шарипова Айгүль Таубаекқызы сайланған еді.
Бұл жұмыстардың барлығы «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 6.5. «2021 жылды «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы» ретінде жариялау туралы» қаулысын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылып отыр.
Ұстаздық еңбек
-
Фотографии
-